Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

📢 26.02.2024 ж.Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жастарымен кездесу өтті.

 

🏫 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының орыс тілі курсы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының" маманы Кутмамбетова Дариғүл Жұмағалиқызымен кездесу өткізді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында ұйымдастырылған кездесу барысында қоғамда ЖИТС пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

👩🏻‍💼 Кездесуде ЖИТС және АИТВ-инфекциясының берілу көздері, алдын алу жолдары, онымен байланысты стереотиптер, АИТВ-позитивті мәртебесі бар немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарға қатысты кемсітушілік, жедел тестілеу мәселелері бойынша тексеру, сондай-ақ ерікті анонимді және құпия медициналық негізгі мәліметтер туралы, сонымен қатар, өскелең ұрпақтың моральдық-адамгершілік және жыныстық тәрбиесінің маңыздылығы туралы айтылды.

📖 Қорытындылай келе, сала маманы Дариғүл Жұмағалиқызы сұрақтарға жауап бере отырып, студенттерге болашақта жақсы білікті маман болуға тілегін білдірді