Сенбілік – тазалық кепілі. Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК ұжымы « Наурыз» мерекесінің қарсаңында сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шара барысында орталықтың қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Ортақ күш-жігердің арқасында барлық жерде тазалық орнап, аула ажарлана түсті.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілік те нығаяды. Сенбілік – бұл игі дәстүр!