18 наурыз —«Ұлттық киім» күні!
Әр ұлтты ерекшелендіретін – өзіндік дәстүрлі құндылықтары бар. Соның бірі ұлттық киім үлгісі. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Халқымыздың киім үлгісінде барша сәнділігі мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Сондай-ақ ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келеді. Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өтетін «Ұлттық киім»
күнінің маңызы зор.