Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Қазығұрт медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
🏤Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, Қазығұрт медициналық орталығының медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
🕤Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
№2 статистикалық форма, код бойынша, дұрыс код қою мәселелері және ҚРДСМ-211/2020 бұйрықа сәйкес 32 клиникалық көрсіткіштерге сүйеніп, АИТВ-инфекциямен ауыратын науқастарды бастапқы сатысында анықтау түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жүкті әйелдердің уақытпен есепке алу АИТВ инфекциясына 2 рет тексеру және олардын жыныстық серіктестерінің АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстарын қарау.
⏳Егу бөлмесі преаналитикалық кезеңінде жіберілетін кемшіліктерді алдын алу және рецепиенттерді АИТВ-инфекциясына мерзіміне сәйкес уақытылы тексеруді қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👩‍⚕️Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова