Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 29.08.2018ж № 779-нқ бұйрығы негізінде 2018 жылғы 8 қыркүйекте Түркістан қаласының Есімхан орталық алаңында «Денсаулық сандарына жет» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2018» кеңкөлемді акциясы өткізілді. Фестиваль медицина қызметкерлерінің таңғы марафонымен басталды, одан кейін алаңда Түркістан облысының, Түркістан және Кентау қалаларының медициналық ұйымдарымен облыс халықына көшпелі консультация, тегін дәрігерлік қабылдау, функционалдық-зертханалық диагностика және тағы басқа қызметтер жүргізілді. Облыстық СПИД орталығының 26 қызметкері денсаулық фестиваліне қатысып, АИТВ-инфекциясы туралы стендтер орнатылды. Халыққа АИТВ профилактикасы туралы ақпараттық материалдар тарату, психоәлеуметтік кеңес беру және жедел-тестілеу ұйымдастырылды.