Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылғы 09 қараша күні Шымкент қаласы Диваев көшесі, 46 мекен-жайында орналасқан Айбек атындағы №14 жалпы орта мектеп пен Қарасу мөлтек ауданы, 28а орналасқан №99 «Гүлдер» бала бақшасында Шымкент қаласының СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Медетова А.Ж. мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманының ұйымдастыруымен 08-11 сынып оқушылары, ұстаздар мен бала бақша тәрбиешілерінің арасында «Өз мәртебеңді біл!» тақырыбында дәріс пен семинар өткізілді.

Оқушылар және мұғалімдер іс-шаралар барысында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуді үйренді.

Іс-шараға 541 адам қатысты.