Шымкент қаласындағы ЖШС «Асыл-ой» колледжінде «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған «Сенің қауіпсіздігің өзіне байланысты», «Біз АИТВ туралы не білеміз? » тақырыбында дәріс өткізілді.Іс -шара барысында тәлімгерлерге және мұғалімдерге АИТВ-ЖИТС туралы негізгі түсінік берілді. АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу жолдары, Анти Ретровирусты терапияның мақсаты туралы айтылды.АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС –пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау және басқада заңнамалармен таныстырылды. Сауалнамалар жүргізіліп ,буклеттер таратылды, бейнефильм көрсетілді.
Қатысушылар саны: 97
Орындағандар ЖИТС-пен күресу орталығының мамандары: Д.Құтмамбетова және Г.Елемесова