Сарыағаш қаласында “Өз статусынды біл” ұранымен науқан басталды.
2018 жылдың 20 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания қарсанында «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен Сарыағаш қаласы аудандық орталық ауруханасында ашық есік күні өтті. Келушілер арасында ақпараттық танымдық материалдар таратылып, өз еркімен АИТВ-инфекциясына жасырын түрде жедел тестілеу жұмыстары жүргізілді.
“Абу али ибн сина” колледжінің студенттері флешмоб ұйымдастырып науқанға қатысты. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, аудандық Жастар рессурстық орталығы және аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары студенттер арасында ақпараттық танымдық материалдарды таратып, АИТВ/ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар “Дәулет” орталық базарына келушілерге ақпараттық танымдық материалдар аталған мекеме мамандарымен тарытылып радиодәріс жүргізілді.
Мақала авторы; Н.Жургенбаева, А.Оспанова.