Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталық, СӨСҚО мамандары бірлесіп, Арыс қаласы Ә. Жангелдин мектебі ұжымымен акция өткізді.
Акция барысында жоғары сынып оқушыларға АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.
Акция өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты қауіпсіз тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог