3.05.19.ж
Шымкент қаласы Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында «АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.
Шымкент қаласы ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталығының дәрігер эпидемиологы Ұ.Байдилдаева, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының тыңдаушыларының арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселесі бойынша» семинар сабақ өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының және Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді.АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтер көрсетілді.
Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты қауіпсіз тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог