Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

                     31.05.2019    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не? Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны. Көптеген дамыған елдер мұқтаждығы артық тұрмысы төмен адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.  Қазақстан міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесін ескерген. Әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік енді адамға, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктеледі. Қаражат медициналық сақтандыру принциптеріне сәйкес, ортақ жауапкершілік негізінде таратылатын болады. Әр адам  ем қабылдау үшін медициналық ұйымды өзі таңдай алады.

 

 

                       ЖИТС орталығының дәрігері                                                         Бердиева Г.А.