Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдағанда 50-ден астам елдің тәжірибесі қаралды және ескерілді. Бүгінде бүкіл әлемде үш ірі денсаулық сақтауды қаржыландыру моделі қолданылуда: бюджеттік, сақтандыру және аралас. Қазақстан үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық сақтандырудың аралас моделін енгізетін болады.

Бұл келесі мәселелерді қамтамасыз етеді:

  • Денсаулық сақтаудағы қаржылық тұрақтылығын
  • Медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділіктің жоғары деңгейін
  • Денсаулық сақтау пакетін.

Қазақстанда қолданыстағы заңнамаға сәйкес үлес мөлшері:

- жұмыс берушілер 2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап 2% мөлшерінде, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3%;

- қызметкерлер - 2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап 1% мөлшерінде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2%;

- жеке кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан  бастап 5% мөлшерінде.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде келесі мәселелер қамтылады:

  • Әлеуметтік әділдік және ынтымақтастық - әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік енді адамға, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктелген. Қаражат медициналық сақтандыру принциптеріне сәйкес, ортақ жауапкершілік негізінде таратылатын болады - «қажеттілігі аздар қажеттілігі көптер үшін төлейтін болады».
  • МӘМС әлеуметтік әділдік принципіне қарамастан табыстың шегерімдерге мөлшерін сапалы денсаулық сақтау үшін барлық сақтандырылған тұлғалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әр адам тексерілетін, ем қабылдайтын  жеке немесе мемлекеттік медициналық ұйымды өзі таңдай алады.
  • Ауруханалар мен емханалар арасында науқастарға «таласу» басталады, сол арқылы медициналық қызметтердің сапасы жақсарып,  дәрігерлердің  біліктілігі  артады. 
  • Денсаулық сақтау секторын қаржыландыру - сақтандыру жарналары есебінен өседі және медициналық көмектің өсіп келе жатқан қажеттілігі үшін мүмкіндік береді.
  • Медициналық сақтандыру қоры жоғары стандартқа сай Ø медициналық қызметтерді жеткізушілердің қатаң таңдауын өткізеді. Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және мониторингін жүргізу күн сайын әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қоры (ӘМСҚ)   жүзеге асырып отырады. ӘМСҚ медициналық қызметтердің ең үздік провайдерлердің рейтингісін жүргізеді және газеттер мен порталдар арқылы оларды жариялайды. 
  • МӘМС енгізумен біртіндеп жалпы практикадағы дәрігерлердің Ø саны 1,8 есеге ұлғайтылады, ол бір дәрігердің жүктемесіндегі 1500 адамға төмендетуге мүмкіндік береді (1 дәрігерге қазіргі уақытта 2140 адам) және тиісінше кезектіліктен құтылып, науқасты қабылдау және емдеу сапасын жақсартады.
  • Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтуды (АДДҚ) кеңейту күтілуде, жан басына шаққандағы осы саладағы шығындар 3 есеге дейін өседі. Сондай-ақ, АДДҚ мұқтаж адамдар санатының тобы артады, дәрі тізімі жиі кездесетен аурулардың дәрілерімен қамтамасыздануы ұлғайтылатын болады.
  • Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсетудің жаңа провайдерлерін тарту арқылы медициналық қызметтердің біртіндеп кеңейтілетіні күтілуде.

 

 

 

 

Мақала авторы – профилактикалық

жұмыстар бөлімінің меңгерушісі

 Ф.Абдиева

 

Терапевт дәрігері 

А. Медетова