Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке

 қарсы күрес кампаниясы

        Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – халықаралық БҰҰ, 1 желтоқсанда  атап өтіледі.  Алғаш рет осы күнді 1988 жылы ДДҰ жариялады, 1996 жылдан бастап, аталмыш науқан (ЮНЭЙДС) БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы бойынша өткізілуде. 2019 жылы дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы кампания «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі!» ұранымен  өткізіледі.

       Өткізілетін науқанның мақсаты: АИТВ/ЖИТС проблемасына ықпал ететін жұртшылық пен қауымдастық көшбасшыларының назарын аудару. Халықтың негізгі топтарының өкілдері ішінен тең кеңесшілерді, АИТВ-мен өмір сүретін немесе АИТВ-ға қатысы бар адамдардың желілерін қамтитын әртүрлі қоғамдастықтар, әйелдер, 15-49 жастағы жастар, кеңесшілер, үйде жұмыс істейтін денсаулық сақтау қызметкерлері, қызмет көрсетушілер, азаматтық қоғам ұйымдары және жергілікті қоғамдастықтардың белсенділері әртүрлі жолдармен ЖИТС індетіне қарсы әрекет етуге ықпал етеді. Олардың көшбасшылары мен адвокациясы адамдар жауапты шаралардың басты назарында болатынына, ал тікелей шаралар негізді және өзекті болып табылатынына кепілдік береді. Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды. 01.11.2019 жылғы өсу қорытындысымен 2035 жағдай тіркелді.

АИТВ - жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі 15-49 жас аралығында – 78,2%. 100 мың халыққа АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша шаққанда Шымкент қаласының көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен және қала республика бойынша 8 орында. АИТВ инфекциясының жұғу жолдарының жаңа жағдайына талдау жасағанда гетеросексуалдық қатынастың жыныстық қатынас арқылы жолы басымдау екені анықталды – 77,4%, қан арқылы жұғу жолына – 15,3%. АИТВ-жұқтырған ерлердің үлесі 64,5%, ал әйелдер 35,5% -ды құрайды.

Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1189 адам антиретровирустық терапияны алады,  қамту – 82,3% құрайды. Антиретровирусты терапиясының қол жетімділігінің кеңейтілуі  арқасында АИТВ инфекциясынан өлім және науқастану жағдайлары азаюда. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу АИТВ статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді, АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Жүкті әйелдерде  АИТВ жұқпасын уақтылы анықтауға және анадан балаға берілу жолдарын алдын алуға көмегін тигізуде. Жалпы алғанда, АИТВ-позитивті жүкті әйелдерден өңір бойынша 296 бала дүниеге келді. Оларда АИТВ - инфекциясы анықталған жоқ. «АИТВ+туберкулез» Жаһандық Қорының жобасын іске асыру шеңберінде негізгі тұрғылықты жері бойынша ем алуға мүмкіндігі жоқ 7 шетел азаматын емдеу жүргізілуде, оның ішінде 4 - бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдар, және 3 – туберкулезге қарсы диспансерде емделуде.

            Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары (ИЕТТ – 3673 (иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар), СҚ (секс қызметкері) – 2983, бас бостандығынан айрылғандар – 3104, ЕЖЕ (еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер)  – 431 адам) қамтылуда.