Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

19.06.2020    МӘМС жүйесіндегі жеңілдік 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылғандықтан, төтенше жағдай жарияланған кезде отандық кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер жасалды.         Ірі бизнестің қай түрі МӘМС төлем жасаудан босатылды?

    Үкімет қаулысымен бизнестің 10 түрі топтастырылды. Оған автомобильдердің, жеңіл автокөлік құралдарының, мысалы, мотоциклдің, автомобиль бөлшектерінің және сауда алаңы 2 мың шаршы метрден аз және одан көп сауда объектілеріндегі керек-жарақтардың бөлшек саудасы, жол бойындағы  техникалық қызмет көрсету станциялары өндірісінен басқа автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметі кіруі мүмкін. Дәріханалар, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдерінің саудасын қоспағанда, ірі сауда желілеріндегі, стационарлық сауда объектілеріндегі, сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендердегі бөлшек сауда да жатады.

Ірі бизнеске әуе жолаушылары көлігінің қызметі, қонақ үйлер мен ұқсас қызмет көрсету, мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызмет, меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару, дәріханаларды және тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерінің бөлшек саудасын қоспағанда, коммерциялық үй-жайларды жалға беру жатады. Олардың барлығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін өз қызметкерлері үшін аударым төлеуден босатылды.

Ал ШОБ(шағын орта бизнес) бойынша қандай қызметтер босатылады?

      Шағын және орта бизнеске: құқық саласындағы қызмет-заң кеңесшілері, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар, коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша консультанттар, туристік агенттіктер мен туроператорлар, санитарлық-эпидемиологиялық, ауруханалық және санаториялық-курорттық ұйымдар, мектепке дейінгі жеке меншік, бастауыш және орта оқу орындары, жеке дәрігерлік практика, стоматология, концерт және театр залдары, фитнес-клубтар, тоқыма және химиялық тазалау, шаштараз және сұлулық салондары да кіреді. Олардың барлығы 2020 жылдың 1 қазанына дейін жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдар төлеуден босатылды.

 

 

                                                    Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы