Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

03.08.2020ж.         Жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарнаны қалай төлейді?

      Егер ЖК жалдамалы қызметкерлері болса және  қызметі ірі немесе шағын және орта бизнес санатына жатса, олар жеңілдік  кезеңінде аударымдарды төлеуден толық босатылады. Өзге жағдайда жеке кәсіпкер өзі үшін ай сайын  1,4 ЕТЖ-ның 5% төлеуге міндетті, оның сомасы  2020 жылы 2 975 теңге.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар  МӘМС қанша төлейді және бұл санатқа кімдер кіреді?

      Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға ЖК ретінде тіркелмеген, бірақ 1 175 АЕК дейін немесе жылына 3,2 млн теңгеге дейін табысы бар барлық жеке тұлғалар жатады.Мұндай азаматтар үшін арнайы оңайлатылған салық режимі – бірыңғай жиынтық төлем қарастырылған, осы арқылы бірден үш қорға – зейнетақы жинақтау, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыруға қатысуға болады.Соңғы екі айда жүйеде 1,8 млн астам БЖТ төлеуші тіркелген.

      Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе 2 778 теңге. Басқа елді мекендерде тұратын адамдар үшін-0,5 АЕК немесе 1 389 теңге. Салық Кодексінің775 бабына сәйкес бұл төлем 1 қаңтардағы АЕК мөлшеріне қарай белгіленеді.

Сондай-ақ, бұл төлемді әрбір есептік айда төлеу  қажет екенін ескерген дұрыс. Өткізіп немесе алдын ала жасауға болмайды.Егер төлем қандай да бір себептермен дер кезінде төленбеген жағдайда, берешекті дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ-дан 5% немесе 2 125 теңге төлеуге болады.

                                                    Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы