Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

15.10.2020   Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына

бағытталған онлайн кездесу өтті.

15.10.2020 жылы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның  және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» МКҚК-ның  мамандары Zoom видео-байланыс ақпараттық жүйесінде онлайн кездесу ұйымдастырып, өткізді.

Кездесуге:М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледж, Шымкент жоғары педагогикалық колледжі және Жол-көлік колледж студенттері қатысты.

Іс-шара мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясын алдын-алу, сақтану шаралары туралы кеңінен түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Кездесу алдында және кездесуден кейін «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында оқушылардың білімін анықтайтын онлайн сауалнама өткізілді.

Мақала авторы: Н.Жургенбаева.