М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында ұйымдастырған семинарына ЖИТС-тің алдын - алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мұғалімі Н.Жургенбаева қатысып, "АИТВ/ЖИТС-тің алдын - алу" атты баяндамасын жасады. Студенттер іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін және есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.