Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

Темір жол» және Әуежайда ашық есік күні өткізілді.

 

Шымкент  бөлімшелік көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Шымкент қалалық  ЖИТС орталығының  мамандарымен бірлесіп,  темір жол  вокзалы мен әуежайда «Ашық есік» күні іс шарасы өткізілді. Іс шара барысында  АИТВ және КОВИД 19 инфекцияларына келушілер ерікті түрде жедел-тест қою арқылы тексерілді.

Сонымен бірге халық арасында ақпараттық танымдық материалдар таратылып, тексерушілерге тестке дейінгі және кейінгі кеңес берілді.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева,  Л.Джанабаева

2022 жылдың 17 тамызда, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тәжірибелі лекторлар пулының мүшесі Майра Боранбаеваның қатысуымен семинар – тренинг өтеді.

Семинар барысында ҚР Еңбек заңнамасы және оны қолдану тәжірибесі, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттың тараптары мен келіссөздер жүргізу, еңбек дауларының алдын алу және оларды басқару мен шешу жолдары, Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, кәсіподақтар қызметінің құқықтық негіздері мен кепілдіктері, кәсіподақ қозғалысының көшбасшысы, еңбекті қорғау бойынша техникалық инспекторлардың жұмысы жайлы баяндама жасалады.

Осыған орай, аталған семинар сағатына өздеріңізден бөлек бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларын да толық қатысуларын қамтамасыз етсеңіздер. Егер белгілі-бір себептерге байланысты қатыса алмай қалған жағдайда өз тараптарыңыздан басқа адамның қатысуын сұраймыз.

Семинар-тренингке қатысатын тыңдаушының аты-жөнін ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін хабарлауларыңызды сұраймыз.

     2022 жылдың 28-шілде куні   ДСБ «ЖИТС-тің алдын – алу  және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның мамандары Ф.Абдиева, Л.Джанабаеваның қатысуымен  №3ші  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында  «АИТВ инфекциясының алдын алу»  тақырыбында    дәріс өткізілді. АИТВ- инфекциясына  ерікті түр тексерілем деушілерге жедел тест қойылды.

Сонымен  бірге ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева