Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталық, СӨСҚО мамандары бірлесіп, Арыс қаласы №44859 әскери бөлімнің ұжымымен семинар өтті.                                                                                                                                Семинар барысында әскери қызметшілерге АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз, тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.Семинар өткізудің мақсаты жастар арасында АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу бойынша ақпараттық деңгейін арттыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., эпидемиолог дәрігері