Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылдың 28 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Түркістан гуманитарлық техникалық колледжінде акция өтті.

 

2018 жылдың 28 қараша күні  ТГТК студенттері арасында «Өз статусыңды біл» тақырыбында арнайы мамандардың қатысуымен акция өткізілді. Кездесуге салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары, ЖИТС орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше мамандары қатысып АИТВ/ЖИТС-тың әлемдегі, республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, дүние жүзіне қауіп төндіріп отырған қатерлі аурудан сақтану шаралары, алдын-алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде мәліметтер беріп, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар тарапынан мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Қатысушыларға ақпараттық білім беру материалдары , слайд, бейнефильмдер көрсетілді,  жастарға  арналған буклеттер мен үнпарақтар таратылды. Студенттер тарапынан көріністер мен флешмоб  көрсетілді.

Мақала авторы: ЖИТС орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше мамандары