Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

17.05.2019 Шымкент қаласында «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»

атты науқан өтті.

 

2019 жылдың 17 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»  атты науқан өтті.

Шараның ұйымдастырушысы – ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы». Науқан барысында Қастеев колледжінің студенттері  арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу  мәселелері туралы білім деңгейін көтеру мақсатында тапсырмалық квест ойындары өткізілді. Жастар ресурстық орталығының мамандары шығармашылық көрініс дайындап, белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.  Жастар «ЭкСПИДияция» жобасына қатысып, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсінік қалыптастырды.

Мақала авторы;Ф.Абдиева, Н.Жургенбаева