жаналықтар каз
23.11.2021 Шымкент қаласы 4 колледжінде «Теңсіздікті жою.ЖИТС ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.»тақырыбында науқан өтті.
2021 жылдың 18 қарашасында Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» MKҚК-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай «Теңсіздікті жою.ЖИТС-ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.» ұранымен 4 колледжінде науқан өтті.Науқан барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері Халық арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында келушілерге ерікті түрде жедел - тест жүргізіп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жұмыс барысында тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңес беріліп,ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог Мусаев.И
Эпидемиолог комекшісі Елшібай.Ш