жаналықтар каз

 

Пресс-релиз.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы 2022 жылғы кампания

 

        Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – 1 желтоқсанда атап өтіледі, бұл күнді алғаш рет 1988 жылы ДДҰ жариялады. Биылғы жылы Қазақстанда Дүниежүзілік кампания аясында 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ЮНЭЙДС ұсынған «Теңдік уақыты!» тақырыбында онкүндік өткізу жоспарлануда.

       Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды. АИТВ-жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі 15-49 жас аралығында – 84,5%.

      «Теңсіздік мәселесін шешкеннен кейін ғана біз бәріміз жеңіске қол жеткізе алатынымыз жайлы ақпаратты таратуға барлығымыз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Әрбір адамның денсаулығын қоргау және қауіпсіз ету үшін біз барша адамдардың теңдігіне ұмтылуымыз керек», - деді орталықтың бас дәрігері Т.Мейірханов.

       Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1520 адам антиретровирустық терапияны қабылдап, олардың 90% вирустық супрессия байқалды. Антиретровирусты терапияның қол жетімділігінің кеңейту  арқасында АИТВ инфекциясынан науқастану және өлім жағдайлары азайып. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу, өзінің статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді.                                  АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Қабылданған шаралар жүкті әйелдерде АИТВ-ны дер кезінде анықтауға және көп жағдайда инфекцияның анадан балаға жұғуына жол бермеуге көмектеседі.

       Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары: 2196 иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар, 2365 секс қызметкері, 1091 еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, 3699 бас бостандығынан айрылғандар қамтылуда.

      Шымкент қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммунитетінің жағдайын анықтауға, сондай-ақ антиретровирустық терапияның тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін соңғы үлгідегі анализатормен жабдықталған, ол ДДҰ ұсынған соңғы 4-буын сынақтарымен жұмыс істейді. АИТВ-ны қанда ғана емес, сілекей сұйықтығында да анықтауға мүмкіндік береді. Орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасында ғана емес, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Кореяда, Румынияда да тұрақты негізде біліктіліктерін арттырудан, семинарлар мен тренингтерде оқытудан өтіп, жергілікті жерлерде озық тәжірибені енгізуді қамтамасыз етуде.

ЖИТС орталығының баспасөз қызметібайланыс

Орынд. Ахмедова Э.

Тел.: 310939

 

04.11.2022г. Шымкент қаласы ЖИТС орталығының ұжымы бас дәрігер Т.Мейрхановты төл мерекесімен құттықтады.
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының ұжымы, орталықтың бас дәрігері Т.Мейрхановты 63 жасқа толған төл мерекесімен құттықтады. Жиын барысында ««SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент филиалының төрағасы Е.Т. Батырбеков, Т.Мейрхановты халық үшін сіңірген елеулі еңбектері үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапаттады. ЖИТС орталығының ұжымы да өз лебіздерін білдіріп, атқарған ерен еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.

2022 жылғы 3 қазаннан бастап тәулік бойы қызмет атқаратын қалалық медициналық ақпараттық Call – орталығы ұйымдастырылған. Азаматтарга денсаулық сактау саласындағы барлық қажет ететін сұрақтар бойынша 41-75-03 сымтетік арқылы кеңес ала аласыз. С 3 октября 2022 года организован городской медицинский информационный Call – центр, который функционирует круглосуточно. По всем необходимым вопросам в сфере здравоохранения граждан вы можете проконсультироваться по телефону 41-75-03.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Кремль көшесі, үй 11/10, пошта индексі 160005, телефон (8-7252) 562770, электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. диагностикалық зертханаға «Зертханашы» бос лауазымына конкурс жариялайды. «Зертханашы» бос лауазымының негізгі функционалдық міндеттері: Дәрігердің басшылығымен зертханалық зерттеулер жүргізеді және оларды жүргізу үшін зертханалық аппаратураны, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік ортаны, бояғыш және дезинфекциялық ерітінділерді дербес дайындайды. Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалды қабылдайды және тіркейді, оның орамасының және жеткізу уақытының қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді. Зерттеу үшін келіп түскен материалдың жарамдылығын, ілеспе құжаттаманың дұрыс ресімделуін тексеруді жүзеге асырады. Аспаптарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояулар мен дезинфекциялық ерітінділерді градуирлеуге арналған стандартты және жұмыс ерітінділерін дайындайды. Зертханалық құралдарды, ыдыстарды стерильдеуді жүргізеді. Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Есептік-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді. Жүргізілетін зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Білуі керек: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Кодексі; негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасы; санитариялық-микробиологиялық зерттеулердің негіздері, Жалпы клиникалық, биохимиялық, гематологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеулердің әдістері; зертханалық аппаратураны пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер жүргізу техникасы; зертханалық жабдықты, бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану қағидалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар. Еңбек ақы көлемі, көрсетілген мамандық бойынша еңбек стажы және біліктілік санатына байланысты, 194 770тг – 265 755 тенге аралығында Еңбек шарттары: патогендігі II-IV топ микроорганизмдерімен жұмыс. Жұмыс режимі: аптасына 5 күн, 9-00 ден 17-00 дейін, айына 1 рет сенбі күні - 9-00 ден 13-00 дейін, басқа сенбі-жексенбі – демалыс. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, арнайы орта медициналық білімі; «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша сертификаттау курсы; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бакалавриат және «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша сертификаттық курстан (біліктілікті арттыру) өткені туралы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 11 қараша, 13:00-ге дейін. Құжаттар Шымкент қаласы, Абай ауданы, Кремль көшесі, үй 11/10, 2 қабат, 36 кабинетте, қолма-қол немесе пошта арқылы қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда); 6) 075 денсаулық жағдайы туралы анықтама, жеке медициналық кітапша. Азаматтық қызметке тұру кезінде, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады. Конкурс хатшысы: Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігі, біліктілікті бағалау жүргізіліп, біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.