жаналықтар каз

12.12.2018 жыл  Шымкент қаласы «Мемлекеттік Гуманитарлық Техникалық Университеті» және «Политехникалық колледжінде» өткен науқан.

Шымкент қаласы «Мемлекеттік Гуманитарлық Техникалық Университеті» және «Политехникалық колледжінде»  «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен  Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған «Сенің қауіпсіздігің өзіне байланысты», «Біз  АИТВ туралы не білеміз? » тақырыбында   науқан өткізілді.

      Іс -шара барысында тәлімгерлерге және мұғалімдерге АИТВ-ЖИТС туралы негізгі түсінік берілді. АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, алдын алу жолдары, антиретровирусты терапияның мақсаты туралы айтылды. Тәлімгерлер флешмоб ұйымдастырып көріністер қойды.

 

Бейне фильм көрсетіліп, буклеттер таратылды.

 

 Орындағандар  ЖИТС орталығының  мамандары: Ф.Абдиева, Д.Кутмамбетова.

 

ВИДЕОРОЛИК

 

 

 

 

 

14.12.2018  А.Қ.Қарабековті еске алу құрметіне арналған волейболдан жарыс.

14.12.2018 ж Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, м.ғ.д. профессор А.Қ.Қарабековті еске алу құрметіне арналған, медицина қызметкерлері арасында өткен волейболдан қалалық II-ТУРНИРІНЕН бас жүлдені ұтып алдық.