жаналықтар каз

23.10.2018ж. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет студенттеріне АИТВ/ЖИСТ-тің АЛДЫН АЛУы БОЙЫНША ДӘРІС өтті

 

23 қазанда Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыруымен студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында баяндама тыңдалып, студенттер арасында тренингтік ойындар ұйымдастырылып жəне ақпараттық кітапшалар таратылды. Жастар және колледж әкімшілігі мамандарға өз тараптарынан алғыстарын айтты.

Мақала авторы:профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Н.Жургенбаева

16.10.2018ж. «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты Ордабасы ауданында кездесу өтті.

 

Ордабасы аудандық мәдениет үйінде кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстық алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, білім беру ұйымдарында (мектеп, колледж, ЖОО), АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, есірткіге қарсы зиянды психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау, алькоголдік ішімдіктерді қолданудың, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсауды алдын алу, бағытында түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Аталған шарға қатысқандар: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы және психикалық денсаулық орталығының сынды өз ісінің мамандары баяндама жасап, жастармен ашық сұхбат құрды.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева

12.10.2018ж. Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжінде АИТВ/ЖИСТ-тің АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЕКІ ЖАҚТЫ ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ДӘРІС өтті

 

12 қазанда Оңтүстік Қазақстан индустриалды-құрылыс колледжінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Н.Жургенбаеваның қатысуымен студенттерге кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің шығу тарихы, оның этиологиясы, клиникасы, эпидемиологиялық жағдайы және одан сақтану жолдары бойынша әңгіме өрбіді. Жиынға колледж директорының ОТІЖ орынбасары Н.Ерғазы және колледж медбикесі Д.Паркет, колледж психологі Г.Анарбаева арнайы қатысты.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева