жаналықтар каз

2018 жылы 4 мамырда Түркістан қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, ОҚО СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы Түркістан қаласы №2 бөлімше мамандары бірлесуімен «АИТВ/ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу» мақсатында акция өткізді.

Акцияның мақсаты: студенттерге АИТВ инфекциясы туралы қысқаша мағұлмат берілді. Студенттер арасында әртүрлі ойындар жүргізілді, кітапшалар таратылып, анкета толтырылды, видиороликтер көрсетілді.Барлығы 200 адам қамтылды.

«Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» күніне орай, 4 - мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығындағы «ЭкСПИДиция» жобасының негізінде Облыстық СПИД орталығы науқан өткізді. Науқан барысында мамандар “Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің” студенттеріне АИТВ/ЖИТС жайлы, оның қай жағдайларда жұғып және жұқпайтынын, жұғу қауіптерін азайту жолдары, онымен байланысты стереотиптер жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдардыауруына байланысты таңбабасу және қоғамнан алыстатуды алдын алу.

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы расталған, нақты ақпараттары жоқ адамдарға лайықталған азық-түлік тағамдары (банандар, тауық еті, шұжық,пепси және Қытай, Ливия мен т.б. елдерден әкелінген басқа да өнімдер) арқылы АИТВ-ның таралуы сияқты жалған, мағынасыз жіберілімдер (фэйктер, пранктер) СМС түрінде таратылуда.

2018 жылғы 11-12 сәуірде облыстық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қ.Маширов Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының активіне, бюджеттік мекемелерінің қызметкерлеріне (Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде), ірі, орта өндірістік кәсіпорындарының жұмысшыларына («САС-Тобе Технолоджис» ЖШС Састөбе-цемент зауыты, «Алтын дән-Көктерек» ЖШС Түлкібас диірмен комбинаты), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ендіру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратылды.

2018 жылғы 03 сәуір күні Шымкент қаласының №95 және №118 жалпы орта мектептерінде Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыруымен және қалалық білім бөлімі бекіткен кешенді жұмыс жоспарына сәйкес, 08-11 сынып оқушылары арасында «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында дәріс және соған байланысты білімін анықтау үшін сауалнама өткізілді.