жаналықтар каз

03.10.2018ж. төлеби ауданы «Көксəйек көпсалалы-техникалық колледж»  студенттерімен кездесу ұйымдастырылды

 

Көксəйек көпсалалы-техникалық колледж  студенттері арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығының маманы Жургенбаева Назира жəне Төлеби аудандық емханасының СӨСҚ бөлімінің психологы Жақсылық Меруерттің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мамандардың баяндамалары тыңдалып, студенттер арасында тренингтік ойындар ұйымдастырылып жəне ақпараттық кітапшалар таратылды. Жастар және колледж әкімшілігі мамандарға өз тараптарынан алғыстарын айтты.

Мақала авторы:профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева

20.09.2018ж. Бәйдібек ауданы жастарымен кездесу өтті.

 

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы 14-29 жастағы жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына бағытталған шараларын жүзеге асыру жөнінде ортақ жұмыс жүргізу мақсатында, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы, облыстық дін істері басқармасы,  облыстық наркодиспансер және облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірге Бәйдібек ауданының Жастар сарайында білім мекемелерінің тәрбие жөніндегі орынбасарларымен және №19 колледж студенттерімен 2018 жылдың 20 қыркүйек  күні  кездесулерді ұйымдастырды.

Кездесу барысында АИТВ - жұқпасын алдын алу, репродуктивті денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру, ерте жүктілікті, құқықбұзушылықтың, есірктіге қарсы зиянды әдеттерден нашақорлықтан арылу және түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау мақсатында жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева