жаналықтар каз
03.12.2020 ж Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің әлеуметтік мәселелер және тәрбие істері бөлімі студенттерге "АИТВ/ЖИТС-тің алдын - алу" тақырыбында ұйымдастырған офлайн семинарына ЖИТС-тің алдын - алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мұғалімі Н.Жургенбаева қатысып, баяндамасын жасады.
Студенттер іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын - алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін және есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.
Пандемия кезеңінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты, іс-шара барлық санитарлық ережелерге сай өткізілді.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.
30.11.20 Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар АИТВ-инфекциясымен күресудегі еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды
Шымкент қаласында 2006 жылдан бері «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қоры және «Ай-ана» қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйымдары АИТВ-инфекциясымен күресуде еңбектеніп келеді.
Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы негізгі топтар және тұрғындар арасындағы АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша белсенді жұмысы, COVID-19 эпидемиясы жағдайында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетудегі ерен еңбегі үшін «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қорын және «Ай-ана» қоғамдық бірлестігін алғыс хатпен марапаттады.
Автор: Ахмедова Э.С., Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы