жаналықтар каз
19.11.2020 Шымкент қаласының «АЙНА» сауда орталығында
радио лекция өтті.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу жэне оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің дәрігер эпидемиолог Сыдықов Ғ, эпидемиологтың көмекшісі Темір А. 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне» орай, «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында радио лекцияны «Айна базарында» оқыды. Іс-шара барысында базар түтынушыларымен қызметкерлеріне ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
18.11.2020ж Шымкент қаласының «Самал» әмбебап базарында радио дәріс өтті.
1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының» эпидемиолог дәрігері Н.Жапарованың және эпидемиолог көмекшісі С.Рысқұлбекованың қатысуымен «Самал» әмбебап базарында радио дәріс оқылды және ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Мақала авторы: Профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Н.Жапарова.