жаналықтар каз

24.10.2018 ж. Индустриалды-техникалық колледж

СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

2018 жылдың 24 қазанында Индустриалды-техникалық колледжінің мәжіліс залында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК маманы Н.Жургенбаевамен бірлесе отырып 1 курс студенттеріне түсіндіру-профилактикалық мақсатындағы кездесу болып өтті. Колледж мейірбикесі Г.Нысанбекова, жастар істері жөніндегі инспектор Б.Төлебек, педагог-психолог А.Кадирова, әлеуметтік педагог У.Асильбекова жиында, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысқан топтар: ЭМ18-30к, ЭВ18-30к, КП18-31к, АЭ18-32к, АЭ18-33к, АЭ18-34к, АЭ18-35к, АЭ18-36к топтары және өндірістік орталық шеберлері. Жалпы қатысушылар саны - 200.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Н.Жургенбаева

23.10.2018ж. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет студенттеріне АИТВ/ЖИСТ-тің АЛДЫН АЛУы БОЙЫНША ДӘРІС өтті

 

23 қазанда Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыруымен студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында баяндама тыңдалып, студенттер арасында тренингтік ойындар ұйымдастырылып жəне ақпараттық кітапшалар таратылды. Жастар және колледж әкімшілігі мамандарға өз тараптарынан алғыстарын айтты.

Мақала авторы:профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Н.Жургенбаева