жаналықтар каз

20.09.2018ж. Бәйдібек ауданы жастарымен кездесу өтті.

 

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы 14-29 жастағы жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына бағытталған шараларын жүзеге асыру жөнінде ортақ жұмыс жүргізу мақсатында, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы, облыстық дін істері басқармасы,  облыстық наркодиспансер және облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірге Бәйдібек ауданының Жастар сарайында білім мекемелерінің тәрбие жөніндегі орынбасарларымен және №19 колледж студенттерімен 2018 жылдың 20 қыркүйек  күні  кездесулерді ұйымдастырды.

Кездесу барысында АИТВ - жұқпасын алдын алу, репродуктивті денсаулықтарына жауапкершіліктерін арттыру, ерте жүктілікті, құқықбұзушылықтың, есірктіге қарсы зиянды әдеттерден нашақорлықтан арылу және түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау мақсатында жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева