Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

2018 жылдың 22 ақпанында Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында Дүниежүзлік экономикалық Форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторлары жөнінде 2017-2019 жылдарға арналған кездесу өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен орталық мемлекеттік органдар,

Облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығында АИТВ және туберкулез бойынша жеткен жетістіктермен алға қойған мақсаттар жайында журналистерді ақпараттандыру мақсатында баспасөз-конференциясы өтті.

 

БЕЙНЕ МАҚАЛА ОҢТҮСТІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖАРИЯЛАҒАН СІЛТЕМЕЛЕРДЕН АЛЫНДЫ

 

2018 жылы 19 ақпанда Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер бөлімінде ОҚО СПИД –тің алдын алу орталығының мамандары Д. Құтмамбетова , Б. Тойшыбеков полиция қызметкерлеріне семинар өткізді.

2018 жылдың 20 ақпанында Х. Әлімжан атындағы жалпы орта мектепте жоғары сынып оқушылар арасында ОҚО СПИД орталығының маманы Д. Құтмамбетова АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу және онымен күресу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, мықты ерік жігерін қалыптастыруға, түрлі жағымсыз әдеттерден аулақ болуға шақырды. Кітапшалар таратылып, бейне-ролик көрсетілді. Қатысушылар саны 122.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы,Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасының бөлім ұжымы.

2018 жылғы 15 ақпан күні жастар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу мақсатында Шымкент қаласында A.C.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында кездесу өтті.