Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КОВИДКЕ ҚАРСЫ 36 ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТЕРІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Шымкент қаласында ковидке қарсы екпе егу пунктерінің қатары артты. Бұған дейін 26 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазіргі таңда екпе егу пунктерінің саны 36-ға көбейді.

⠀ Емханалардағы екпе егу кабинеттерінің барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екпе салатын қызметкерлер арнайы оқытудан өткен. Бүгінге дейін қалада 8395 адамға ковидке қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың 4907-і медицина қызметкері, 564-і полицейлер және 2668-і мұғалімдер болса, қалғандары басқа да санаттағы азаматтар.

Айта кетейік, вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізілуде. Екпе салардан алдын азамат міндетті түрде сауалнамаға жауап беріп, ерікті түрде вакцина алатыны туралы келісім береді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖

В ШЫМКЕНТЕ ФУНКЦИОНИРУЮТ 36 ПРИВИВОЧНЫХ ПУНКТОВ ДЛЯ ВАКЦИНАЦИИ ОТ КОВИД

В Шымкенте увеличилось количество прививочных пунктов для вакцинации против ковид. Ранее вакцинация против инфекции проводилась в 26 организациях первичной медико-санитарной помощи, в настоящее время количество прививочных пунктов увеличилось до 36.

Все прививочные кабинеты в поликлиниках оснащены необходимым оборудованием. Привитые сотрудники прошли специальное обучение. На сегодняшний день в городе вакцинировано против ковид 8 395 человек. 4 907 из привитых медицинские работники, 564 - полицейские и 2 668 -учителя, остальные - другие категории граждан.

Стоит отметить, вакцинация проводится в поликлиниках по месту жительства. Перед прививкой гражданин обязательно проходит опрос и дает согласие на добровольное получение вакцины.

Пресс-служба акимата города Шымкент

 

Мардан Сапарбаев атындағы ОҚМИ жанындағы Парасат колледжiнің студенттеріне өткен семинар-тренингіне  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» мұғалімі Н.Жургенбаева қатысып, "АИТВ/ЖИТС-тің алдын - алу" атты баяндамасын жасады.

Студенттер іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын-алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін және есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.