Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

05.12.2020 «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында онлайн кездесу өтті

2020 жылғы 5 желтоқсанында Шымкент қаласы «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу, аналар мен балаларды қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданған шаралар туралы халықты таныстыру.

Осы кездесудің екінші блогында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы Моисеева М.Г. адам құқықтары мен гендерлік теңдікті сақтау аясында АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу және АИТВ+ болғанына қарай азаматтарды таңбалау (стигма), кемсіту (дискриминация) мәселелері бойынша мәлімет берді.

Кездесуге: 19 спикер, 100-ден аса адамдар қатысты.

Автор: Ахмедова Э.С. ЖИТС орталығының маманы

07.12.20 Шымкент қаласының "Shymkent plaza" сауда орталығында радио лекция өтті.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық МКҚК-нің дәрігер эпидемиолог Ы.Мусаев 1-желтоқсан "Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне" орай "Жаһандық ынтымақтастық ортақ жауапкершілік" тақырыбында радио лекцияны "Shymkent plaza" сауда орталығында оқыды. Іс-шара барысында сауда орталығының тұтынушылармен қызметкерлеріне ақпараттық танымдық материалдар таратылды.