жаналықтар каз

29 қараша күні Шымкент қаласында «Самал» базарда «Теңдік уақыты» ұранымен қала тұрғындары мен сауда өкілдерінің арасында науқан өткізілді.Іс-шара барысында Шымкент  қаласының  ДСБ-ның «ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталық» МКҚК мамандары У.Байдилдаева,Г.Алтынбекова,Л.Джанабаева АИТВ- инфекциясының берілу жолдары, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы мәлімет берді.Өнегелік, құлықтылық нормаларын  ұстанудың маңыздылығына көңіл бөлді.Іс-шара барысында тыңдаушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді,радиторабтан  дәріс оқылды, парақшалар таратылды.

 

Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің дәрігері У.С.Байдилдаева