2021 жылдың 22 қазанында Шымкент қаласының №13 қалалық емханасына қарасты «Жастар денсаулық орталығында» науқан өтті. «Өз статусынды біл!» ұранымен өткізілген науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында келушілер мен қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Мақала авторлары: Ұ.Байдилдаева, Н.Жургенбаева.