жаналықтар каз
«АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
2024 жылдың 12 қыркүйек күні «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжі студенттерімен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Н.Жургенбаеваның қатысуымен тренинг өткізді.
Іс-шара барысында АИТВ-ның таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат айтылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-ның таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат алып, студенттер интерактивті ойындарға қатысып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👩💼Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының маманы Н.Жургенбаева
М.Горький атындағы N°12 жалпы орта білім беретін мектебінде дәріс өтті.
✅10.09.2024 ж. Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, М.Горький атындағы N°12 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
👩🏻🏫Маман жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
📑Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының маманы Н.Жургенбаева
АИТВ-инфекцияны контакттан кейінгі алдын алу шаралары.
Контакттан кейінгі алдын алу шаралары - жұмыс барысында мүмкін болған жұқтыру қауіпін төмендету мақсатымен, қабылданатын антиретровирустық дәрі - дәрмектердің қысқа курсы.
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) - инфекцияны жұмыс барысында жұқтыру қауіпі келесі контактта болу мүмкін:
- терінің бүлiнуi (инемен немесе үшкір медициналық инструментпен жарақат алу);
- биологиялық сұйықтарды бүлiнген тері немесе шырышты қабыққа тигізу;
- бүлінбеген терімен биологиялық сұйықтар, қан, тіндермен ұзақ уақыт бойы контактта болғанда.
Контакттан кейінгі алдын алу шаралары дегеніміз не?
Алдын алу шаралары АИТВ-ны жұқтыру қауіпін төмендетуге бағытталған. Яғни, антиретровирустық (АРТ) дәрі - дәрмектерді қабылдау. Бұл дәрі - дәрмектер қауіпті қатынастан кейін неғұрлым ерте қабылдаса, соғұрлым АИТВ-инфекциясын жұқтыру қауіпі төмен болады. Дәрілер алғашқы 24-36 сағатта қабылданады, 72 сағаттан кешіктірмеу қажет және емдеу курсы 4 аптаға созылады. Себебі 72 сағаттан кейін дәрінің әсері болмайды. Бұл дәрі - дәрмектер ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында тек дәрігердің рұқсатымен беріледі.
Контакттан кейінгі алдын алу шаралары кімге ұсынылады?
- Медицина қызметкерлері (хирургиялық оталарда, анализ алу, оны талдау және т.б.с.с барысында жарақат алса);
- Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметкерлері; полиция, түзету мекемелері, құтқарушы бригада, қан және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс барысында төтенше жағдайға тап болғанда;
- Дискордантты қатынаста тұратын серіктестерге. (Дискордантты- серіктестердің біреуі АИТВ-инфекциясына шалдыққан, біреуі шалдықпаған);
- Зорлық зомбылыққа шалдыққан тұлға. Егер жыныстық қатынас зорлау барысында жүзеге асса, онда зардап шеккен тұлғаға жоғарыда көрсетілген схема бойынша қатынастан кейінгі алдын алу шараларында ұсынылады..
Жұмыс барысында қауіпті контакт болғанда, келесі іс-әрекеттерді жасау қажет:
- қан және басқа биологиялық сұйықтармен контакттан кейін дереу бүлінген теріні суастында сабынмен, ал бүлінген шырышты қабықтарды таза сумен жуу қажет;
- егерде контактта болған пациент АИТВ-инфекциясына шалдыққан болса, онда контакттан кейінгі алдын алу шараларын өткізу керек.
Г. Бердиева Шымкент қ. ЖИТС орталығының дәрігері