Мейірханов Таларбек 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгір ауданындағы Көксайақ ауылында дүниеге келді. Дәрігер жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы болып табылады. Денсаулық сақтау саласының  үздігі . Денсаулық сақтау жүйесінде 30 жылдан астам жұмыс істейді.

1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитарлық гигиена, эпидемиология факультетін бітірді. Еңбек жолын дәрігер ретінде бастаған, кейін Ленгір ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының меңгерушісі болды (1982-1998жж). 1998-2003 жж. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрігерінің орынбасары, 2003-2006 жж. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, 2009 жылдан бастап облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу  орталықты басқаруда.

Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына ерекше үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгісімен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және аймақ медицина қызметкерлері облыстық кәсіподақ комитеттерінің хаттарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Үйленген. 3 баласы бар.

Add comment