ПӘК кабинетінде барлық АИТВ/ЖИТС-ке тексерілуге келушілер тестке дейін және тесттен кейін кеңес алады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеуге жіберіледі. АИТВ-ға тестілеу себептері туралы келушілерге түсіндіреді және АИТВ/ ЖИТС туралы қысқаша мәлімет беріледі: жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБЖ), алдын-алу шаралары, АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы, АИТВ жұқтыру қаупін бағалау, эмоциялық жауапты және кейінгі ықтимал салдары туралы ақпарат беріліп және тест нәтижелері туралы хабарлайды. Сондай-ақ,  осал топтар арасында АИТВ және ЖЖБИ жұқтыру қаупін азайту  бойынша дайындықтан өтеді. АИТВ / ЖИТС-мен байланысты медициналық және әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша АИТВ жұқтырған адамдарға және осал  топтартар арасында консультациялық көмек көрсетіледі.