Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

«Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

     2024жылдың  25 маусымында  Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, «Арбат»  саябағында Шымкент қаласының  Жастар денсаулық орталығы, Дау-Мед клиникасы,  қалалық № 3,6,7,13 емханалары мен ЖИТС орталығының  мамандары бірлесіп,  24-29-шы маусым аралығында жүріп жатқан  «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» науқаны өткізілді.

      Науқанның мақсаты: жастар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару және алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

      Іс шара барысында  жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, жыныстық жетілудің ерекшеліктеріне, жыныстық денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға, жыныстық қатынас және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алу   мәселелеріне көңіл бөлінді.

      Аталмыш науқанда  Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын  алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Науқанға келушілерге және жастарға  тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ  инфекциясын  жедел анықтау мүмкіндігі бар екені  туралы ақпарат беріліп,  сараптама нәтижесін 15- 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді.  Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақала авторы: Байкасова А.Т. эпидемиолог дәрігер ЖИТС орталығы