2021 жылдың 04 қарашасында Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығы»-ның ұйымдастыруымен Шымкент университеті студенттері арасында науқан өтті. «Өз статусынды біл!» ұранымен өткізілген науқан барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.