Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

 Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні – 1 желтоқсанда атап өтіледі.  Алғаш рет осы күнді 1988 жылы ДДҰ жариялады. 2021 жылғы Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күнінің тақырыбы «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» болды. Бұл күні, Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ-мен  өмір сүретіндерге қолдау көрсету және СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін жиналады.  БҰҰ агенттігі, үкіметтер және азаматтық қоғам жыл сайын АИТВ-ға қатысты нақты мәселелер бойынша науқан жүргізу үшін күштерін біріктіреді. Қазақстандағы Дүниежүзілік науқан аясында қарашаның 15-25 аралығында «АИТВ: Әрбірін түсіну» тақырыбымен онкүндік өткізу жоспарлануда. Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні тудырған жаһандық проблемалардың өсіп келе жатқан тізімін толықтырады. Бүгінгі күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні өзекті болып қала береді, бұл адамдар мен үкіметтерге АИТВ-ның әлі аяқталмағанын еске салады. АИТВ-ның адамдардың өміріне әсері туралы хабардарлықты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ЖИТС-ке қарсы әрекетке қосымша қаржы ресурстарын тарту маңызды болып қала береді. Шымкент қаласында АИТВ-инфекциясы алғаш рет 1993 жылы анықталды. 2021 жылдың 1 қарашасына дейін өсінді қорытындысымен 2353 жағдай тіркелді. АИТВ-жұқтырғандардың жас топтарына қарай жұқтырудың жоғары деңгейі 15-49 жас аралығында – 85,9%. 100 мың халыққа АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша шаққанда Шымкент қаласының көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен және қала республика бойынша 7 орында. АИТВ инфекциясының жұғу жолдарының жаңа жағдайына талдау жасағанда жыныстық қатынас арқылы жолы басымдау екені анықталды – 88,6%, қан арқылы жұғу жолына – 6,9%. АИТВ-жұқтырған ерлердің үлесі 64,9%, ал әйелдер 35,1% құрайды. Бүгінгі таңда АИТВ-мен өмір сүретін 1437 адам антиретровирустық терапияны қабылдап, олардың 91% вирустық супрессия байқалды. Антиретровирусты терапияның қол жетімділігінің кеңейту  арқасында АИТВ инфекциясынан науқастану және өлім жағдайлары азаюда. АРТ қабылдаушылардан вирус жұғу қаупі төмендеді. АИТВ-на тестілеу АИТВ статусын білуге және терапияны алуға  мүмкіндік береді, АИТВ инфекциясына тестілеу және емделу тегін жүргізіледі. Жүкті әйелдерде АИТВ жұқпасын уақтылы анықтауға және анадан балаға берілу жолдарын алдын алуға көмегін тигізуде. Бүгінгі таңда алдын алу іс-шараларымен медицина қызметкерлері, студенттер  мен оқытушылар, бизнес-құрылымдар ғана емес  халықтың осал топтары: 3353 иньекциялық есірткі тұтынушы тұлғалар, 2678 секс қызметкері, 877 еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, 3454 бас бостандығынан айрылғандар қамтылуда.

 

 Автор: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы