Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 24 қарашасында “Отырар” колледжі  мекемесі тәрбие ісі жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы” МКҚК-ның маманы Н.Жүргенбаева қатысуымен колледждің 1-2 курс білім алушылары үшін “АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу” тақырыбында семинар өтті.  Күн тәртібінде қаралды:  АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай
 

АИТВ, ЖИТС туралы түсінік

АИТВ-ны алдын-алу жолдары

Анти Ретровирусты терапияның мақсаты


 АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау
«Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен өткізілген семинар барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары  ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.

#УслышатьКаждого
#ӘрбірінТүсіну
#toHearEveryone