Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 25 қарашасында “Шымкент көлік колледжі”   мекемесі тәрбие ісі жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы” МКҚК-ның маманы Н.Жүргенбаева қатысуымен колледждің 1-2 курс білім алушылары үшін “АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу” тақырыбында дәріс өтті.
 Күн тәртібінде қаралды:
 АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай
 АИТВ, ЖИТС туралы түсінік
 АИТВ-ны алдын-алу жолдары
 Анти Ретровирусты терапияның мақсаты
 АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау
«Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен өткізілген семинар барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары  ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.
#УслышатьКаждого
#ӘрбірінТүсіну
#toHearEveryone