Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Саналы ұрпақ, салауатты болашақ» атты мамандар кеңесі Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары арасында өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК – нің маманы Назира Жүргенбаева қатысты. Оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту үшін осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беріп, ауруға қарсы күрес шараларымен таныстырды. «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай, танымдық әдеби шығармаларды оқуға, салауатты өмір салтын ұстану жолдарын насихаттады.
Мақала авторы:Н.Жургенбаева.