Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 7 желтоқсанында Шымкент қаласы «Авиценна» көпсалалы колледжі мекеме тәрбие ісі жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы «ЖИТС тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» MKҚК-нің маманы Д.Құтмамбетованың қатысуымен колледждің 1-2 курс студенттері арасында «АИТВ/ЖИТС –тің алдын алу» мәселелері бойынша семинар өтті. Семинар барысында «АИТВ/ЖИТС» туралы жалпы түсінік беріліп, жастарға салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау насихатталды. Ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Карантин кезіндегі, жасыл аймаққа сәйкес шектеу талаптары сақталды.

Мақала авторы: Психолог Д.Кутмамбетова