2022 жылдың 21 қаңтар күні Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» МКҚК-ның маманы Н.Жүргенбаева қатысуымен №66 жалпы орта мектеп оқушылары үшін «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өтті.
Күн тәртібінде қаралды:
• АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай
• АИТВ, ЖИТС туралы түсінік
• АИТВ-ны алдын-алу жолдары
• Анти Ретровирусты терапияның мақсаты
• АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау
Дәріс барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.