Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

🗓 Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС-тың, нашақорлықтың алдын алу және жастарды спортқа баулу» бағытында сала мамандарымен кездесу өтті.

Іс шараның мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.

🔰 Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Руслан Аитов, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының клиникалық психолог маманы Үміт Нұрғалиева, ШВСМЗ әмбебап жекпе-жек аға жаттықтырушы, Ахатаев Абзалбек, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, ҚР екі дүркін чемпионы Махмудхан Бейбіт және Серік Бекзатхан және Шымкент университетінің жастары қатысты.

📌 Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері жас кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында айтты. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн. Сөз соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алды.