Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

🔹️ Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.

🔰  Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Руслан Аитов, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр- нарколог маманы Меруерт Одаман, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ведомствоаралық үйлестіру және алдын алу тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Қуаныш Юсупов, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, 3 дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері, 2 дүркін Әлем кубогының жеңімпазы, Азия чемпионы, Европа  чемпионатының қола жүлдегері, Халықаралық дәрежегі спорт шеберлері ( МСМК ) Рамазан Қуандықов пен Нұрболат Қуандықов, Түркістан облысы таэквондо ITF федерациясының президенті, қара белбеу иегері, Халықаралық нұсқаушы - Айдын Қамытбаев, Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі КММ-нің №7 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы Ажар Айтбаева және №12 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрғиса Тұрсынқұлов қатысты.

📌 Шара аясында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында кітап оқуға шақырды.
 
🔰 Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы