Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

         2022 жылға арналған МӘМС төлемдері төмендегідей:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші қызметкері үшін жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді. Аударманың ең жоғарғы сомасы 10  ЕТЖ-ның 3%-18000 теңгеден аспауы тиіс. 2022 жылғы ең төменгі жалақы 60 000 теңгені құрайды.

        Қызметкерлер және АҚС шарты бойынша табыс табатындар  өз табысының 2% төлейді.

       ЖК және жеке практикамен айналысатын азаматтар – 1 ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4200 теңге төлейді

(60000*1,4)*5% =4200 тг.

      Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 2022 жылы 3000 теңгені (1 ЕТЖ-ның 5%) құрайды

     БЖТ:

Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 1 АЕК (3063 тг)

Басқа елді мекендерде тұратын тұлғалар үшін – 0,5 АЕК (1531,5 тг)

Жұмыс берушілер МӘМС-ке мына санаттарға төлем жасамайды:

  • Балалар;
  • Зейнетақы төлемдерін алушылар;
  • Мүгедектер;
  • Күндізгі бөлімде оқитындар;
  • Көп балалы аналар, «Алтын алқа» және «Батыр ана» марапаты иелері, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар.

МӘМС-ке қайда төлуге болады?

  • Екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері мен мобильді қосымшалары;
  • «Қазпошта» АҚ бөлімшелері;
  • Төлем терминалдары (Qiwi, Kassa 24. т.б.).

 

Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С. Шымкент қ. ЖИТС орталығының маманы